«Қайрат» түлегі Бірінші лигаға аттанды
Қазақстандық қорғаушы Нұрлан Дайыров «Тараз» командасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Нұрлан Даиров жаңа маусымда «Тараз» футбол клубының сапында өнер көрсетеді.Ол 1995 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Тараз футболының түлегі.
Кәсіби мансабын 2015 жылы «Қайрат» құрамында бастаған. Сонымен қатар, «Оқжетпес», «Қызылжар», «Жетісу» командаларында тер төккен.
Нұрлан 2018 жылы Бірінші лига («Оқжетпес»), 2020 жылы Премьер лига («Қайрат») чемпионы атанды.
Бұған дейін түрлі қазақстандық клубтарда шыңдалып, тәжірибесін арттырған футболшы енді «Тараздың» қорғанысын күшейтеді деп сенім артамыз.
Қош келдің, Нұрлан! Сәттілік!», - деп жазды клуб Instagram парақшасында.
30 жастағы «Қайраттың» түлегі ҚПЛ-дің соңғы маусымын «Оқжетпес» сапында өткізіп, жеті ойынға қатысты.
«Тараз» өткен маусымда Бірінші лигада 8-ші орын алды.
Қазақстандық шабуылшы ҚПЛ клубымен қоштасты
«Қайсар» академиясының құрылысы басталатын уақыт белгілі болды
«Тобылдың» бұрынғы бапкері тәжікстандық команданы жаттықтырады