Қазақстандық классиктер алдағы маусымға дайындықты бастады

Қазақстандық классиктер алдағы маусымға дайындықты бастады

2025 жылғы спорттық маусым өз мәресіне жетті. Дегенмен грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы маусымға дайындықты бастап кетті. Бұл туралы Қонысбек Кәрімұлы Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Ұлттық құрама бұған дейін Таиландта қалыпқа келтіру жиынына қатысты. Жиынға Азия және әлем чемпионатында жүлдеге іліккен балуандарымыз барды. Кейін құраманың 80 пайызы Бурабайдағы жалпы дене дайындығына арналған оқу-жаттығу жиынына қатысты.

12-30 қаңтар аралығында Түркістан облысында оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Содан кейін Хорватияның Загреб қаласында өтетін рейтингтік турнирге қатысамыз. Мақсат - арнайы дене дайындығынан кейінгі балуандардың әлеуетін көру. Жарыстан кейін дәл сол Хорватияда 9-25 ақпан аралығында бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтеді.

Сонымен қатар алдағы Азия ойындарына елімізде іріктеу турнирін өткізу жоспарда бар. Дегенмен бұл әлі нақты емес", - деді Қонысбек Кәрімұлы.


Елдос Сметов Астанада өтетін турнирде өнер көрсетеді

Әбиба Әбужақынова марапатқа ие болды

Дзюдодан өткен жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі өз мәресіне жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или