Қазақстандық шабуылшы ҚПЛ клубымен қоштасты

Қазақстандық шабуылшы ҚПЛ клубымен қоштасты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев «Ақтөбемен» қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақтөбе футбол клубына, барлық жанкүйерлерге және менің сапарымның осы кезеңінде менімен бірге болған баршаңызға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Қолдау, сенім, эмоциял және ұмытылмас сәттер үшін рахмет. Бұл кезең менің есімде және жүрегімде мәңгі сақталады. Клубқа болашақта тек жеңістер, даму және үлкен табыстар тілеймін. Келесі кездескенше!», - деп жазды футболшы өзінің Instagram парақшасында.

Өміртаев «Ақтөбеге» биыл 24 қаңтарда Беларусь БАТЭ-ден ауысып, 25 желтоқсанда келісімшартының мерзімінің аяқталуына байланысты клубтан кетті. Өткен маусымда ол клуб сапында барлық жарыстарда 29 матч өткізіп, бес гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Биыл ол Қазақстан құрамасы сапында екі матчта алаңға шықты.


«Қайсар» академиясының құрылысы басталатын уақыт белгілі болды

«Тобылдың» бұрынғы бапкері тәжікстандық команданы жаттықтырады

«Қайсар» ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или