Қазақстандық миллиардердің клубы Англиядағы матчта ұпай жоғалтты
Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзеге тиесілі ағылшын футбол клубы «Уиком Уондерерс» Англия Бірінші лигасындағы матчта ұпай жоғалтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
23-ші турда «Плимут Аргайлға» қарсы сырт алаңдағы ойында команда 1-1 есебімен тең түсті.
Қонақтар 11-ші минутта Дэн Кейсидің голының арқасында есеп ашты. Алаң иелері қосымша уақыттың төртінші минутында есепті теңестіріп кетті.
Бұл нәтиже «Уиком Уондерерсті» 29 ұпаймен лига кестесінде тоғызыншы орында қалдырды.
«Астон Вилланы» тоқтату қиын. Эмери шәкірттері Лондонда жеңіске жетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или