«Астана» футбол клубына инвестиция салушы табылды

«Астана» футбол клубына инвестиция салушы табылды

«Астана» футбол клубы жеке меншікке беріледі. Бұл туралы Үкіметтегі мәлімдемеде туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз белсенді жұмыс жасап жатырмыз, қазіргі таңда инвестиция салушы бар. Қазіргі уақытта барлық рәсімдер аяқталған жоқ, бірақ инвестор бар», – деді министр.

Министр атап өткендей, бұған дейін астаналық команда қаражатты біріккен спорт операторы Sport Qory арқылы алып келген. Сонымен қатар, ол бес клубтың жеке инвесторларға берілгенін, қалған жеті клуб бойынша мәселе қаралып жатқанын жеткізді.

«Қайсар» академиясының құрылысы басталатын уақыт белгілі болды

«Елімайдың» бұрынғы шабуылшысы өзбекстандық клубқа ауысты

«Қайсар» ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или