Қысқы Паралимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында қазақстандық спортшылардың XIV қысқы Паралимпиада ойындарына дайындығы туралы баяндады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол жарыстар 2026 жылдың 6-15 наурыз аралығында Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетінін атап өтті. 665 спортшы қатысады деп күтілуде. Oлар 79 медаль жиынтығын сарапқа салады.
«Ұлттық команда 2 спорт түрінен – пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан қатысуды жоспарлап отыр. Бұл спорт түрлері бойынша 38 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бүгінге дейін ұлттық команданың 7 спортшысы 10 лицензия жеңіп алды. Олардың қатарында Ербол Хамитов – парабиатлоннан әлем кубогының жалпы есепте жеңімпазы атанған тұңғыш қазақстандық және Хрусталь глобустың иегері, Александр Герлиц – 2022 жылы Пекинде өткен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері», — деді Ербол Мырзабосынов.
Ойындарға сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында 6 оқу-жаттығу жиыны өткізілгені атап өтілді.
Жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін пара шаңғы спорты және парабиатлон бойынша шетелдік жаттықтырушы-кеңесші Роман Александрович Петушковпен келісім-шарт жасалды. Жалпы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дайындық қалыпты жағдайда жүріп жатыр және ерекше бақылауда.
Ақ Олимпиадаға Қазақстаннан неше спортшы қатысатыны белгілі болды
Алдағы қысқы Олимпиадада туды кімдер ұстап шығатыны белгілі болды
Қысқы Олимпиада ойындарына дайындалу үшін 13,2 млрд теңге бөлінген
Қазақстандық спортшылар Германиядағы әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті