Ақ Олимпиадаға Қазақстаннан неше спортшы қатысатыны белгілі болды

Ақ Олимпиадаға Қазақстаннан неше спортшы қатысатыны белгілі болды

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында қазақстандық спортшылардың XXV Қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы баяндады, деп хабарлайды Prosports.kz.

XXV Қысқы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-Д'Ампеццо қалаларында өтеді. Жарысқа 93 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Барлығы 116 марапат жиынтығы ойнатылады.

— Ұлттық команда спорттың 10 түрінен 58 медаль жиынтығы бойынша бақ сынасады. Олардың қатарында биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар, — деді Е. Мырзабосынов Үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Салтанатты ашылу рәсімі 2026 жылдың 6 ақпанында Милан қаласында өтеді, ал жабылу салтанатын 22 ақпанда Верона қаласында ұйымдастыру жоспарланған. 

Ойындар бағдарламасы конькимен жүгіру және шаңғы жарысы спортшыларының өнер көрсетуімен басталады. Соңғы кезеңде тау шаңғысы бойынша жарыстар өтеді. 

— Болжамға сәйкес, ұлттық команданың құрамында 35-ке жуық спортшы болады деп күтілуде. 2022 жылы Бейжіңде өткен қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 34 спортшы қорғаған. Қазір Софья Самоделкина мен Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан 2 жеке ресми Олимпиада лицензиялары бар. Сонымен қатар, спортшыларымыз шорт-тректен 9, конькимен жүгіруден 12 лицензия жеңіп алды, — деді Туризм және спорт министрі. 

Алдағы қысқы Олимпиадада туды кімдер ұстап шығатыны белгілі болды

Қысқы Олимпиада ойындарына дайындалу үшін 13,2 млрд теңге бөлінген

Қазақстандық спортшылар Германиядағы әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или