Елдос Сметов Астанада өтетін турнирде өнер көрсетеді
Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан кейін алғаш рет ресми жарысқа Астанада шығуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұлттық құрама алдағы «Grand Slam» турнирлеріне дайындықты жалғастырып жатқанымен, Елдос Сметов Парижде өтетін жарысқа қатыспайды. Мамандардың айтуынша, дзюдошының елордада өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетуі жоспарланып отыр.
Сметов Олимпиададан кейін ресми бәсекелерге қатыспай, жаттығу процесіне басымдық берген. Бұған дейін спортшы 2026 жылы жарыс жолына қайта оралуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Астанада өтетін «Grand Slam» турнирі 2026 жылғы 8–10 мамыр аралығында жоспарланған. Бұл жарыс Елдос Сметовтың Олимпиададан кейінгі алғашқы ресми турнирі болмақ.
Әбиба Әбужақынова марапатқа ие болды
Дзюдодан өткен жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі өз мәресіне жетті