«Қайсар» академиясының құрылысы басталатын уақыт белгілі болды
2026 жылы Сыр өңірінде бұқаралық футболды дамыту бағытында «Қайсар» футбол клубының академиясының құрылысы жуырда басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша қаңтар айында толығырақ тоқталатын боламыз, - деп жазылған хабарламада.
Қазан айының 31-і күні қызылордалық клуб елімізде «Қайраттан» кейін алғашқы болып жекеменшікке өтті. Ендігі кезекте олар 2027 жылы еурокубокта бақ сынауды жоспарлап отыр. Ол үшін алдағы жылы ел біріншілігінде жүлдегерлер қатарынан көріну немесе кубокқа қол созуды көздейді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или