Атырауда 6 жыл бұрын басталған 3 спорт залдың құрылысы қайта жанданды
Атырауда құны 1 млрд теңгелік «сақалды» құрылыс 6 жылдан бері аяқталмай келеді. Жоба аясындағы жұмыс биыл ғана қайта жанданды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Осы жылдың көктеміне дейін бұл жобаға жауапты алғашқы мердігер мекемелердің басшыларына қатысты қылмыстық іс бірнеше сот отырысында қаралып, жұмыс тоқтап тұрды.
Ол кезде ғимараттың негізі салынған еді. Кейін ғимаратқа техникалық сараптама жүргізіліп, жарамдылығы туралы қорытында берілген. Жобалық сметалық құжатына түзетулер енгізіліп, құрылыс жұмысы осы жылдың сәуірінде басқа мердігер мекемеге тапсырылды.
Биыл жазда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері жоба жыл соңына дейін аяқталатынын хабарлаған. Мердігер мекеме басшылығы келер жылдың сәуір айына дейін уақытымыз бар, келісімшартта көрсетілген уақытта, яғни жұмысты құжатта көрсетілген мерзімде аяқтаймыз дейді.
— Нысан бірнеше жылдан бері қараусыз тұрып қалған. Сол себепті материалдардың сапасы талапқа сай еместігі анықталып, басқармаға хабарлама берілді. Жоба негізінде қайта бұзу жұмысы жүргізілді. Бүгінде сэндвич панельдерді орнату жұмысы жүріп жатыр. Жобада қарастырылмаған қосымша жұмыс та шығып жатты. Дәнекерлеу жұмысының ұлғаюына байланысты жұмыс көлемі көбейді, — деді мердігер мекеменің өкілі Жәнібек Дәулетов.
Қазіргі уақытта құрылыс монтажау жұмысының 60 пайызы орындалды. Жаңадан бой көтергелі отырған спорттық нысанда күрес, таеквондо, бокс және кроссфит жаттығу залдары қарастырылған. Бұл — тұрғындардың әртүрлі спорт түрлерімен айналысуына мүмкіндік беретін жан-жақты жабдықталған нысандар болмақ.
Қазақстандағы ең танымал он спортшының тізімі жарияланды
Дмитрий Панарин бадминтоннан Бангладештегі турнирдің финалына өтті
Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының шешуші туры басталды
Қазақстандық ауыр атлеттер Қырғызстандағы турнирде төрт алтын медаль жеңіп алды