Қазақстандық спортшылар төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді

Қазақстандық спортшылар төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді

Мәнерлеп сырғанаудан Бейжіңде (Қытай) өтетін Төрт құрлық чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қатысушы елдердің өтінімдері Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми сайтында жарияланған.

Ерлер арасындағы жекелей сырғанауда ел намысын Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников қорғайды. Никита Кривошеев пен Артур Смагулов - қосалқы спортшылар.

Әйелдер арасындағы жекелей жарыста Софья Самоделкина мен Амира Ирматова өнер көрсетеді.

Мұздағы би бағдарламасында Қазақстан атынан Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев бақ сынайды.

Айта кетейік, турнир 21-25 қаңтар аралығында өтеді.

Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының шешуші туры басталды

Қазақстандық ауыр атлеттер Қырғызстандағы турнирде төрт алтын медаль жеңіп алды

Дмитрий Панарин бадминтоннан Бангладештегі турнирдің финалына өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или