Соболенкоға ресейлік теннисші неліктен «құпия кеңес» берді? Ресейліктің әрекеті қоғамды дүрліктірді

Соболенкоға ресейлік теннисші неліктен «құпия кеңес» берді? Ресейліктің әрекеті қоғамды дүрліктірді

Спорт пен саясат арасы шиеленіскен тұста ресейлік теннисші Карен Хачановтың белоруссиялық Арина Соболенкоға қолдау көрсетуі көптің назарын аудартты. Әлемнің бірінші ракеткасы кеңес көмектің болғанын ашық айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік теннисші Соболенко австралиялық Ник Кирьосқа қарсы өткен «Ерлер мен әйелдер шайқасы» матчына дайындық кезінде ресейлік Карен Хачановтан пайдалы кеңестер алғанын жеткізді Ресейліктің бұл әрекеті жанкүйерлер арасында түрлі астарлы ой тудырды.. 

«Иә, Хачанов жанымда отырды, кеңес берді. Оған пайдалы ақыл айтқаны үшін алғыс білдірдім. Сол кеңестен соң барып, келесі жолы Никке қарсы қалай ойнау керегін жақсырақ түсіндім» деді Арина «First & Red» сұхбатында. 

Кездесу жексенбі күні , 28 желтоқсанда Дубайда өтіп, Кирьостың 6:3, 6:3 есепті жеңісімен аяқталды.

Айта кетелік, екі ел төңірегіндегі саяси ахуалдың күрделілігі бұл оқиғаның кеңінен талқылануына себеп болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или