Бес салмақта әлем чемпионы болған Теренс Кроуфорд ең қиын қарсыласын атады
Жақында мансабын аяқтағанын жариялаған, бес салмақ дәрежесінде әлемнің экс-чемпионы болған 38 жастағы Теренс Кроуфорд өзінің карьерасындағы ең қиын қарсыласын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл абсолют әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектерде өзі жеңген Эррол Спенс те, Сауль «Канело» Альварес те емес.
Америкалық боксшы мансабындағы ең ауыр қарсылас ретінде әйгілі кубалық боксшыны, Олимпиада чемпионы әрі екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған Юриоркис Гамбоаны атады. Кроуфорд оны 2014 жылдың маусым айында жеңіл салмақтағы WBO титулын алғаш қорғау барысында тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген.
«Гамбоа. Және бұл жеңіл салмақта болды», - деді Кроуфорд танымал блогер Эйдин Росстың стримінде.
Танымал боксшы ауыр жол апатына түсті. Қаза тапқандар бар
Геннадий Головкин жақын арада рингке оралмайды
«Ол оны тек жазалағысы келді». Абель Санчес Головкиннің ең сүйікті жеңісін атады