Күміс медалін лақтырып тастаған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы: Мишина мән-жайды түсіндірді

Күміс медалін лақтырып тастаған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы: Мишина мән-жайды түсіндірді

Ресей чемпионатында күміс жүлдеге қанағаттанбаған Александр Галлямовтың медалін шешіп тастауы үлкен резонанс тудырған болатын. Осы орайда серіктес жұбы Анастасия Мишина бұл жағдайды ішкі жанжалмен байланыстырмауды сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Санкт-Петербургте өткен 2025 жылғы Ресей чемпионатында екінші орын алғаннан кейін Галлямовтың ашуға беріліп, медалін шешіп тастауы үлкен дау тудырған еді. Осы жағдайдан соң жұп арасындағы қарым-қатынасқа қатысты қауесеттерге Анастасия Мишина нүкте қойды.

Мишина мен Галлямов турнирде екі бағдарлама қорытындысы бойынша 223,63 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Олар қысқа бағдарламадан кейін көш бастап тұрғанымен, жалпы есепте Александра Бойкова мен Дмитрий Козловскийден (224,29) қалып қойды.

Мишина Галямовтың күміс алқадан кейін білдірген пікірін өзіне қатысты деп ойламасын жеткізді. 

«Әрине, жағымсыз. Бірақ мен Александрдың айтқан сынын өзіме тікелей бағытталған деп есептемес ем. Бұл - эмоцияның сыртқа шығуы ғана. Бізде «ренжісіп қайта татуластық» деген тәмсіл жоқтың қасы. Жаттығуға келгенде екеуіміз де мұзға тынбай жұмыс істеу үшін шығамыз. Жеке бас мәселелеріне уақыт жұмсау кәсібилікке де жат» деді Мишина RT-ге берген сұхбатында.

Айта кетелік, Александр Галлямов пен Анастасия Мишина - жұптық сырғанаудан Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегерлері һәм әлем және Еуропа жеңімпаздары.

Қазақстандық спортшылар шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогының финалына шықты

Қысқы Олимпиада ойындарына дайындалу үшін 13,2 млрд теңге бөлінген

Пара шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы өз мәресіне жетті



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или