Геннадий Головкиннің қашан рингке оралатыны белгілі болды
Испаниялық Marca басылымы орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жақын арада рингке оралуы екіталай екенін жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Басылымның пайымдауынша, бұған басты себеп — Головкиннің қазіргі таңда атқарып отырған жауапты лауазымдары. Атап айтқанда, екі рет әлем чемпионы атанған GGG осы айда Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) қабылданды. Сонымен қатар ол Олимпиада бағдарламасындағы боксты қадағалайтын World Boxing ұйымының президенті болып тағайындалды. Бұған дейін Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетін басқарды.
Головкиннің соңғы жекпе-жегі 2022 жылдың қыркүйегінде өткен. Ол кезде қазақстандық боксшы Канело Альварес пен болған трилогияның қорытынды кездесуінде төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңілген еді. Ресми түрде мансабын аяқтағанын жарияламағанына қарамастан, қазіргі ахуал Головкиннің жақын уақытта кәсіпқой бокска қайта оралуы туралы әңгіме жоқ екенін аңғартады.
Абель Санчес Головкиннің ең сүйікті жеңісін атады
Геннадий Головкин XXI ғасырдағы ең үздік боксшылар қатарында
Геннадий Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келеді