Пара шаңғы жарысынан Қазақстан кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Пара шаңғы жарысынан Қазақстан кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Щучинск қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде әйелдер 2,5 және 5 км, ал ерлер 5 және 10 км қашықтықта  классикалық жүріс дисциплинасы бойынша сынға түсті.

«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Осы бәсекеде үздік нәтиже көрсеткен спортшылар ұлттық құрама сапына іріктеледі. Алдағы кезеңде құрама спортшыларын бірқатар маңызды халықаралық жарыстар күтіп тұр. Атап айтқанда, 8–11 қаңтар аралығында Германияның Нотшрей қаласында пара биатлоннан, ал 14–18 қаңтар күндері Финстерау қаласында пара шаңғы жарысынан әлем кубогының кезеңдері өтеді. Сонымен қатар, 22–25 қаңтар аралығында Польшаның Якушыце қаласында пара биатлоннан, ал 28 қаңтар мен 1 ақпан аралығында пара шаңғы жарысынан әлем кубогының кезеңдері жоспарланған. Бұл жарыстар Милан–Кортина–2026 қысқы Паралимпиада ойындарына жолдама беретін лицензиялық бәсекелер саналады. Халықаралық жарыстарға дайындық аясында ұлттық құрама спортшылары Sport Qory қорының қолдауымен оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп, тыңғылықты дайындықтан өтті. Осы додаларда спортшыларымыз ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижеге қол жеткізеді деп сенемін», — деді пара шаңғысы мен биатлоннан бас жаттықтырушы Василий Коломиец.

Айта кетейік, пара шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының кубогына СҚО, Қостанай, Павлодар, Алматы және Ақмола облыстарының пара спортшылары қатысты.

Қысқы Олимпиада ойындарына дайындалу үшін 13,2 млрд теңге бөлінген

Алдағы қысқы Олимпиадада туды кімдер ұстап шығатыны белгілі болды

Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы: масс-старттың нәтижелері

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или