Қысқы Олимпиада: 35 спортшы үшін 13,2 млрд теңге бөлінген

Қысқы Олимпиада: 35 спортшы үшін 13,2 млрд теңге бөлінген

2026 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 35 спортшы қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев мәлімдеді.

Қатысушылар саны бойынша көш басында Ақмола облысы, Астана қаласы, Шығыс Қазақстан облысы және Алматы қаласы тұр. Аймақтар бөлінісінде:

  • — Ақмола облысынан — 9 спортшы,
  • — Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облысынан — 8 спортшыдан,
  • — Алматы қаласынан — 6 спортшы,
  • — Қостанай облысынан — 5 спортшы,
  • — Шымкент қаласынан — 4 спортшы,
  • — Павлодар облысынан — 3 спортшы,
  • — Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Абай облысынан — бір спортшыдан.


Нұрлан Есембаевтың айтуынша, қысқы Олимпиада ойындарына сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы жалпы қаржыландыру көлемі 13,2 млрд теңгені құраған.

— Оның ішінде федерациялар қаражаты — 585 млн теңге, республикалық бюджеттен — 5,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен — 6,2 млрд теңге, сондай-ақ Туризм және спорт индустриясын қолдау қорынан 812,5 млн теңге бөлінді, — деді ол.

Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы: масс-старттың нәтижелері

Норвегиялық биатлоншы Сиверт Баккен қонақүйде көз жұмды

Биатлоннан әлем кубогы: Қазақстан құрамасының нәтижесі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или