Қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатында туды кімдер ұстап шығатыны белгілі болды

Қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатында туды кімдер ұстап шығатыны белгілі болды

Алдағы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 2026 жылғы 6 ақпанда Милан қаласындағы «Сан-Сиро» стадионында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Туризм және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы барысында Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев төрт жылдықтың басты додасының ашылу салтанатында ту ұстаушы болып кімдер таңдалғанын хабарлады.

— Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-тректен ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Никиша мен шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Яна Хан алып шығады, — деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев.

  • 30 жастағы Денис Никиша — шорт-тректен 500 метр қашықтықта өткен әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері (2024, 2025).
  • 25 жастағы Яна Хан — 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарының эстафетадағы күміс жүлдегері.

Сондай-ақ Нұрлан Есембаев 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға Қазақстаннан 35 спортшы қатысады деп күтіліп отырғанын атап өтті. Қатысушылардың ең көбі Ақмола облысынан, Астана қаласынан, Шығыс Қазақстан облысынан және Алматы қаласынан болады деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или