Қазақстандық теннисші фавориттердің қатарынан көрінді
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгте өтетін турнирдің фавориттерінің бірі ретінде саналуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жарыс дәстүрлі түрде Australian Open додасына дайындық кезеңі ретінде саналады. Турнир 2026 жылы 5-11 қаңтар аралығында «Виктория Парк» теннис орталығында өтеді және бұл жарыстың 30-шы мәрте ұйымдастырылуы болады.
ATP 250 мәртебесіне ие жарыстың бірінші номері – Италиядан келген Лоренцо Музетти болмақ (әлемдік рейтингте 8-ші орында).
Негізгі фавориттер қатарында Александр Бублик (ATP рейтингінде №11) және ресейлік теннисшілер Андрей Рублёв (№16) пен Карен Хачанов (№17) бар.
Әйгілі теннисші қарсыласын тәттілермен «сатып алмақ» болды
Рублёв пен Рыбакина микстте жеңіске жетті
Қазақстанның ең үздік теннисшісі жылдың соңғы матчын өткізді