Лукашенконы хоккей ойыны кезінде командаласы шайбамен ұрып, оңбай құлады

Лукашенконы хоккей ойыны кезінде командаласы шайбамен ұрып, оңбай құлады

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минск қаласында өткен әуесқой хоккей матчында мұзға тайып құлап, кейін өзінің жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Лукашенко командасы мен Брест облысының құрамасы арасындағы ойында болған. Матч 5:5 есебімен тең аяқталды. Кездесу барысында президентті өз командасының ойыншысы, бұрынғы «Динамо» (Минск) және «Салават Юлаев» клубтарының хоккейшісі Ярослав Чуприс байқамай соғып кеткен. Салдарынан 71 жастағы мемлекет басшысы тепе-теңдігін жоғалтып, мұзға құлаған.

Бұдан кейін Ярослав Чуприс бірден таяғын тастап, президентке орнынан тұруға көмектескен. Ойын содан соң жалғасын тапты.

Матчтан кейін Александр Лукашенко өзінің жағдайына қатысты қысқаша пікір білдірді:

«Бұл – кәдімгі ойын сәті ғой. “Өз адамдарыңды ұр, сонда бөгделер қорқады» деген бар ғой. Барлығы жақсы. Тек арқа бұлшықеттерім сәл созылып қалды. Келесі ойынға дайындалып жатырмын», – деді ол.

Кездесу Минск қаласындағы «Олимпик-Арена» мұз айдынында өтті. Брест облысы командасы сапынан Виктор Вусик, Александр Бурмистронок, Сергей Плосков, Александр Короткевич және Николай Мирончик шайба соқты. Ал матчтың үздік ойыншысы атанған қақпашы – Вадим Бойко.

Айта кетейік, Беларусь елінде мұндай әуесқой хоккей кездесулері жиі ұйымдастырылады және мемлекет басшысының қатысуымен өтетін ойындар әрдайым жұрт назарын аударады.


«Барыс» өз алаңында тағы жеңіліс құшты

«Барыс» 17 жастағы «Арлан» ойыншысына қызығушылық танытып отыр

Қазақстан чемпионаты: «Сарыарқа» ірі есеппен жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или