Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатындағы ең қиынға соққан жекпе-жек туралы айтты

Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатындағы ең қиынға соққан жекпе-жек туралы айтты

Бокстан 3-14 желтоқсан күндері Дубайда өткен әлем чемпионатында 71 келіде топ жарған Абылайхан Жүсіпов өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1BOL YouTube арнасындағы сұхбатына сілтеме жасап.

"Дубайдағы әлем чемпионатында Африка құрлығының мемлекеттері көп болды. Бірақ менің салмағымда бәсекелестік жақсы болды. Бірінші жекпе-жегімде Арменияның жас боксшысының жеңіске жетемін деген көзқарасын байқадым. Одан кейін Токио Олимпиадасының қатысушысы Александр Радзионау (Беларусь) мен 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Серхан Алиевтан (Әзербайжан) басым түсті. Одан бөлек Түркіменстанның жақсы боксшысы Байрамдурды Нұрмұхаммедов те болды", - деді Абылайхан Жүсіпов.

Ол сұхбат барысында неге жартылай финал қиынға соққанын айтты.

"Бұған дейінгі 3 әлем чемпионатында да жартылай финалда қарсыластарыма жол бердім. Ал олар өз кезегінде артынша әлем чемпионы атанып жатты. Енді осы жолы сол психологиялық кезеңнен өтуге бел байладым. Техникалық жағынан өзімнің қырғыз өкілінен мықты екендігімді білдім. Ресми шешім шыққан соң, арқамнан жүк түскендей болды", - деп Абылайхан Жүсіпов жарқын сәтімен бөлісті.

Айта кетейік, 27 жастағы Абылайхан Жүсіпов өз мансабында әлем чемпионатының 1 алтын және 3 қола жүлдесін алды.

Түркістандықтар екі спортшыға көлік мінгізді

Алматыда Әли Ахмедовтің мерейтойлық жеңісі тіркелді

Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағынан бас тартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или