Абай облысының әкімі «Семей» футзал клубын жеңісімен құттықтап, жазба жариялады

Абай облысының әкімі «Семей» футзал клубын жеңісімен құттықтап, жазба жариялады

Футзалдан Қазақстан Кубогын жеңіп алған «Семей» клубының жетістігіне қатысты Абай облысының әкімі Берік Уәли жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ардақты ағайын! 

Бүгін «Семей» футзал клубы Қазақстан кубогының финалында «Ақтөбе» командасын 5:2 есебімен жеңіп, екі мәрте кубок жеңімпазы атанды. Осылайша, жергілікті клуб Қазақстан кубогы тарихында екі жыл қатарынан жеңіске жеткен төртінші команда болып отыр.

2023 жылы ғана құрылған команданың қысқа уақыт ішінде осындай биік нәтижелерге қол жеткізуі – Семей футзалы мен Абай облысының спорт саласы үшін зор мақтаныш. Бұл – Семей қаласының қазақ футболының отаны екенінің айқын дәлелі.

«Семей» футзал клубын Қазақстан кубогындағы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіремін», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Тараз қаласында өткен Қазақстан Кубогында «Семей» футзал клубы «Ақтөбені» 5:2 есебімен жеңген болатын.

«Семей» – Қазақстан кубогының жеңімпазы

«Семей» соңғы минутта «Атырауды» жеңіп, финалға өтті

Қазақстан кубогында «Ақтөбе» жартылай финалда «Қайратты» жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или