Әбиба Әбужақынова Атырауда марапатқа ие болды
Атырауда спорт және туризм саласының үздіктері марапатталып, дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбиба Әбужақынова «Жыл үздігі – 2025» атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жыл қорытындысы бойынша әлем және Азия деңгейіндегі жарыстарда жоғары нәтижеге көрсеткен спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды. Олардың қатарына дзюдодан ұлттық құраманың үздігі Әбиба Әбужақынова еніп отыр.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова 2025 жылы Будапеште өткен әлем чемпионатында 48 келіде күміс жүлдегер атанды. Спортшы биыл Астана және Душанбе Гранд Слэм турнирлерінде күміс жүлдеге ие болған. Ол қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 48 келі бойынша көш бастап тұр.
Әбиба Әбужақынова маусымды әлемдік рейтингінің көшбасшысы ретінде аяқтады
Дзюдодан өткен жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі өз мәресіне жетті