Ғалымжан Кенжебек ресейлік клубқа ауысатын болды
Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Елімай» клубының ойыншысы Ғалымжан Кенжебек еркін агент ретінде ресейлік «Ахматқа» ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тараптар трансфердің соңғы шарттарын келісіп жатыр. 22 жастағы футболшының «Елімаймен» келісімшарты 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
«Ахмат» Ресей чемпионатындағы қысқы үзіліске турнир кестесінде сегізінші орынмен шықты. Грозный клубының еншісінде Ресей Премьер-лигасының 18 турында жинаған 22 ұпайы бар.
Ғалымжан Кенжебек биылғы жылдың жазынан бері «Елімай» сапында өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін ол Словакия чемпионатындағы «Кошице» клубының намысын қорғаған. Қазақстан Премьер-лигасында өткізген 11 матчта ол алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или