Шэньчжэньдегі көрме турнирінде еуропалықтарды ұтты
Көрме форматындағы турнир аясында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен ресейлік Андрей Рублёв микст матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz. Қос ойыншы Ига Швёнтек пен Валантен Вашеро дуэтінен басым түсті.
Кездесу 6:4, 6:4 есебімен Рублёв пен Рыбакина пайдасына аяқталды. Матч Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан көрме турнирі аясында ұйымдастырылды.
Аталған турнир 26–28 желтоқсан аралығында өтуде және қатысушылар Еуропа құрамасы мен Әлем құрамасына бөлінген. Еуропа сапында Ига Швёнтек, Валантен Вашеро, Белинда Бенчич пен Флавио Коболли бар. Ал Әлем құрамасында Андрей Рублёв, Елена Рыбакина және қытайлық теннисшілер Ван Синьюй мен Чжан Чжичжэнь өнер көрсетіп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или