Хамитов қысқа ескертумен октагонға шығуға дайын екенін айтты
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде бірінші тұрған Арман Царукянға қарсы қысқа ескертумен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Хамитов Шарабутдин Магомедовтің орнына шығуы мүмкін. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Шара Буллет 30 желтоқсанда Ереванда өтетін «Hype Fighting Championship» турнирін өткізіп алуы ықтимал. Аталған кештің басты оқиғасы Царукян мен Магомедов арасындағы грэпплинг жекпе-жегі болуы тиіс.
Хамитовтің айтуынша, ол қазірдің өзінде Арменияда жүр. Оның сөзінше, Шара Буллеттің турнирге келмеуі мүмкін деген әңгіме тараған. Осыған байланысты ол ұйымдастырушыларға үндеу жасап, егер Арман Царукян дайын болса, кез келген сәтте жекпе-жекке шығуға әзір екенін жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или