Усик «Қола бомбардирмен» жекпе-жек өткізгісі келеді

Усик «Қола бомбардирмен» жекпе-жек өткізгісі келеді


Украиналық боксшы Александр Усик келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. Ол келесі жылы рингке қайта оралатынын және «Қола бомбардирмен» жұдырықтасқысы келетінін жеткізді.

«Қола бомбардир» — америкалық боксшы Деонтей Уайлдердің лақап аты. Бұл атау оған 2008 жылғы Олимпиада ойындарында қола жүлде алғаннан кейін берілген.

Уайлдердің кәсіпқой мансабындағы көрсеткіші — 44 жеңіс, 4 жеңіліс және 1 тең нәтиже. Алайда ол соңғы алты жекпе-жегінің төртеуінде қарсыластарына жол берген.

Ал Усик 2025 жылы Дэниел Дюбуаны жеңіп, ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атағын қайта иеленді. Кейін ол Фабио Уордлиге қарсы жекпе-жектен бас тартуына байланысты чемпиондық белбеулерінің бірінен айырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или