Роналду дубль жасады: Пирс Морган португалиялыққа қатысты батыл мәлімдеме жасады
Сауд Арабиясы чемпионатының 11-турында «Аль-Наср» шабуылшысы «Аль-Охдуд» командасына қарсы ойында дубль жасап, өз командасына 3:0 есебімен жеңіс сыйлады. Бұл дәл соққылар португалиялықтың клубтық және халықаралық мансабындағы 955-ші және 956-шы голдары болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты sports24.kz-ке сілтеме жасап.
40 жасар форвардтың әсерлі формасына орай британдық журналист әрі тележүргізуші Пирс Морган даулы пікір білдірді.
«Ол ешқашан гол соғуды тоқтатпайды. Әлемнің кез келген жерінде, кез келген командада. Футбол тарихындағы ең ұлы ойыншы кім екені туралы таласуға болады, бірақ тарихтағы ең үздік әрі қажымас сұрмергеннің кім екені айқын. Бұл — Криштиану», – деп жазды Морган әлеуметтік желіде.
Бұл жеңістің арқасында «Аль-Наср» Сауд Про-Лигасының турнир кестесінде өз позициясын нығайтты. Команда 10 ойыннан кейін 30 ұпай жинап, көшбасшылық орнын сенімді сақтап тұр, «Аль-Хиляльдан» төрт ұпайға алда келеді. «Аль-Охдуд» 5 ұпаймен 17-орынға жайғасып, төменгі лига аймағында қалып отыр.
«Астон Вилланы» тоқтату қиын. Эмери шәкірттері Лондонда жеңіске жетті