Қазақстанның ең үздік теннисшісі жылдың соңғы матчын өткізді
Елена Рыбакина 2025 жылды нәтижелі аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемнің 5-ші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен Әлемдік теннис континенталдық кубогының көрме турнирінде швейцариялық Белинда Бенчичпен (11-ші ракетка) кездесті.
Матч Рыбакина пайдасына 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.
Бұл Елена Рыбакинаның биылғы жекелей сында соңғы кездесуі болды.
Бүгін Шэньчжэньдегі турнирде қазақстандық аралас жұптық кездесу өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или