Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағынан бас тартты

Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағынан бас тартты

Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (21-1, 11 нокаут) өзінің UBO супер жартылай жеңіл салмақтағы титулынан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы боксшының менеджері Жанпейіс Назарғали хабарлады.

«Бекман UBO титулынан бас тартты. Жоспарларымыз өзгерді, сондықтан титулды қорғамауды шештік. Ол алға жылжуы керек. Қазіргі уақытта біз оның визасын қарастырып жатырмыз. Рамазан айы жақындап келеді, ораза ұстайды. Сойлыбаев жаздың басында рингке оралуы мүмкін. Жаңа қарсыласпен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Шетелде ірі титулдық жекпе-жек жоспарлануда», - деді Назарғали.

27 желтоқсанда кештің басты кездесуінде қазақстандық боксшы өзбекстандық Абдулло Кучкаровты (6-1-0) техникалық нокаутпен жеңді.


Алматыда Әли Ахмедовтің мерейтойлық жеңісі тіркелді



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или