«Астон Вилланы» тоқтату қиын. Эмери шәкірттері Лондонда жеңіске жетті
Англия Премьер-лигасының 18-ші турының орталық матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Астон Вилла» сырт алаңда «Челсиді» 2:1 есебімен жеңіп кетті.
Осылайша, команда барлық жарыстарда қатарынан жеңістер бойынша клуб рекордын қайталады – клубтың қазіргі уақытта 11 жеңісі бар (Премьер-лигада сегіз).
Вилландар 1897 және 1914 жылдары осындай жетістікке жеткен.
30 желтоқсанда Унаи Эмери шәкірттері Эмирейтс стадионында Премьер-лига көшбасшысы «Арсеналға» қарсы ойнайды.
«Реалдың» экс-футболшысы Роналду туралы айтты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или