Астаналық клуб ҚХЛ-да төртінші рет қатарынан ұтылды
«Барыс» ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы өз айдынындағы матчында «Амур» командасына жол беріп, сәтсіз сериясын жалғастырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астаналықтар бірінші кезеңде-ақ есеп ашуға мүмкіндік беріп алды. Тоғызыншы минутта Шварев шайбаны қақпаға дәл бағыттады. Екінші кезеңде қонақтар басымдықты күшейтіп, Филатьев пен Ураковтың голдарының арқасында есепті ұлғайтты.
Екінші үзіліске дейін «Барыс» есеп айырмасын қысқартты. Асетовтың пасынан кейін Панюков мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Алайда бұдан әрі алаң иелерінің күші жетпеді. Ойын соңында Гиздатуллин бос қақпаны дәл көздеп, матчтың нүктесін қойды.
Осылайша кездесу 1:4 есебімен аяқталып, бұл жеңіліс «Барыс» үшін қатарынан төртінші сәтсіздік болды. Матч қорытындысы: «Барыс» — «Амур» 1:4 (0:1, 1:2, 0:1). Қақпашылар: Шутов — Дорожко.