Алматыда Әли Ахмедовтің мерейтойлық жеңісі тіркелді
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов жартылай ауыр салмақта бос тұрған WBA Asia белбеуінің иегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек Алматы қаласында «Ali Akhmedov Promotion» ұйымдастырған бокс кеші аясында өтті. Ахмедовтің қарсыласы Гана елінің өкілі Делали Миледзи болды.
Кездесу он раундқа толық созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Әли Ахмедовтің жеңісімен аяқталды. Айқас бойы қазақстандық боксшы басымдық танытқанымен, қарсыласын нокаутқа түсіре алмады.
Соған қарамастан, бұл жеңіс Ахмедовтің кәсіпқой мансабындағы 25-ші, мерейтойлық табысы болды. Қазірге дейін оның еншісінде екі ғана жеңіліс бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или