Футзалдан Қазақстан Кубогында «Ақтөбе» жартылай финалда «Қайратты» жеңді
Футзалдан Қазақстан Кубогының жартылай финалында «Ақтөбе» алматылық «Қайрат» командасын 5:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz. Кездесу тартысты өтіп, ойын тағдыры соңғы минуттарда шешілді.
Матчта «Қайрат» сапынан Кайо Руиз 9, 12 және 29 минуттарда көзге түсіп, тағы бір голды Оразов 37 минутта соқты. Ал «Ақтөбе» құрамында Байзаков 2 минутта есеп ашса, Иманалин 10, Нулет 15, Акбаликов 26 және Досов 38 минутта дәл соққыларымен жауап қатты.
Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан бір доп айырмасымен басым түсіп, Қазақстан Кубогының финалына шығуға мүмкіндік алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или