«Әуелі ұтып келсін»: Ислам Махачев Шавкат жайлы айтты
UFC чемпионы, ресейлік файтер Ислам Махачев қазақстандық Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы ол "Ушатайка" ютуб арнасына берген сұхбатында айтты.
Ислам Шавкаттың тым қауіпті қарсылас екенін айта кеп, мүмкіндіктері жайлы да сөз қозғады.
«Шавкат шаршы алаңға қайта оралуды көздегенімен, оған бірден титул үшін айқасуға ешкім жол бермейді деп ойлаймын. Өйткені ол бір жылдан астам уақыт белдесуге шықпады. Белдеуге таласу үшін кем дегенде бір жекпе-жек өткізіп, жеңуі тиіс» дейді Махачев
Айта кетелік, UFC 322 турнирінде ресейлік файтер Ислам Махачевтің жартылай жеңіл салмақта дебюттік жекпе-жегі өткен еді.
Қазақстандық спортшыны жеңген америкалық файтер UFC-де жекпе-жек өткізеді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или