«Олар оны жоя алмады, керісінше мықты етті»: Тарасова Камила Валиева туралы
КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваның дисквалициясының аяқталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тарасова төрт жылдық шеттету Валиеваға соққы болғанымен, оның сағын сындыра алмағанын атап өтті.
«Олар оның өнерін өлтіргісі һәм жойғысы келді, бірақ тек жаралы сызат қана түсіре алды. Камила тума талант және спортқа қайта оралуға әбден лайық» деді бапкер.
Айта кетелік, Камиланың дисквалификациясы 2021 жылғы 26 желтоқсаннан 2025 жылғы 25 желтоқсанға дейін созылды. Соңғы рет ол 2023 жылдың 23 желтоқсанында Ресей чемпионатында өнер көрсетіп, үшінші орын алғанымен, нәтиже кейін есептен алынды.
Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы: масс-старттың нәтижелері
Латвия ресейлік спортшыларды өз еліне кіргізуден бас тартты
Норвегиялық биатлоншы Сиверт Баккен қонақүйде көз жұмды