«Барселона» Мессиді қайта қатарға қосуды көздеп отыр

«Барселона» Мессиді қайта қатарға қосуды көздеп отыр

Каталониялық «Барселона» клубы аргентиналық Лионель Мессимен қайта ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы El Nacional дереккөзі мәлім етті. 

El Nacional дерегіне сүйенсек, «Барселона» басшылығы Мессиді клубтың басқару құрылымына тартуды көздер отыр. Бұл шешімде ойыншының «Барселона» аңызы ретіндегі мәртебесі мен брендке ықпалы ерекше назарға алынған.

Лионель Месси аталмыш клуб сапында 2003 жылдан 2021 жылға дейін өнер көрсетіп, 778 матчта 672 гол соқты. Осы кезеңде ол «Барселонамен» бірге 35 трофей жеңіп алды, оның ішінде Ла Лиганы 10 рет, Чемпиондар лигасын төрт мәрте ұтты. Месси ойыншылық мансабын «Интер Майами» клубында жалғастырып жүр және жуырда командасымен келісімшартын ұзартты.

Айта кетелік, Мессидің 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз.

«Реалдың» экс-футболшысы Роналду туралы айтты

Месси әлемдегі ең үздік бапкерді атады

«Реал» тәжірибелі қорғаушымен қоштасады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или