Өзбекстанды таңғалдырған нокаут: Еркебұлан Тоқтар Никулинді бірінші раундта сұлатып салды
Өзбекстандық БАҚ қазақстандық спортшы Еркебұлан Тоқтардың өнеріне баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz. Zamin.uz ақпарат порталы жекпе-жек барысын талдап, материал жариялады.
Жекпе-жек «Humo Arena» кешенінде өтіп, бірінші раундта-ақ аяқталды. Еркебулан Токтар алғашқы минуттардан бастаманы өз қолына алып, алаңда белсенді қимылдады. Нәтижесінде ол Тимур Никулинді техникалық нокаутпен сұлатып түсірді.
Өзбекстандық БАҚ бұл нәтижені көпшілік күтпеген жағдай деп бағалап, кездесудің жоғары деңгейі мен жанкүйерлер қалыптастырған әсерлі атмосфераны атап өтті.
Айта кетелік, аталмыш айқас Ташкентте өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жектерінің бірі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или