«Реалдың» экс-футболшысы Роналду туралы айтты
«Реал Мадридтің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Лукас Васкес 2018 жылы шабуылшы Криштиану Роналдудың командадан кетуі клубқа қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ол «Реал Мадрид» тарихындағы ең ұлы ойыншы болды. Оның кеткені кез келген команда үшін маңызды болар еді, бізге де үлкен әсер етті. Себебі жылына 60 гол соғатын ойыншыдан айырылдық. Бірақ «Реал» әрқашан алға қадам басады, әрқашан жеңіске жетуге тырысады, сондықтан команда қайта жоғары деңгейге өнер көрсете бастады. Біз Криштианудың «Реал Мадридке» сіңірген үшін оған өте ризамыз», - деді Васкес AS басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Роналду «Реал» сапында 2009 жылдан 2018 жылға дейін өнер көрсетіп, содан кейін «Ювентусқа» ауысты. Шабуылшы испаниялық клуб сапында 438 матчқа қатысып, 450 гол соқты. Ол - клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген. «Реал» сапында жүргенде шабуылшы төрт «Алтын доп» сыйлығын жеңіп алды.
Сәтпаевтан гол жіберген қақпашы қатаң сынның астында қалды
«Қайрат» - «Олимпиакос» матчына билеттер сатылымға шықты
Болгариялық бапкер ҚПЛ клубына келуі мүмкін