Руслан Эсатов - «Тараздың» бас бапкері болып тағайындалды
«Тараз» 41 жастағы қазақстандық маман Руслан Эсатовтың бас бапкер болып тағайындалғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Руслан Эсатов 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол кәсіби футболшы ретінде мансабын Таразда бастап, «Тараз», «Лашын», «Каспий», «Қайсар», «Жетісу» және «Атырау» командаларында ойнады.
2019 жылдан бастап Эсатов жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол «Тараз-Қаратау», «Мақтаарал» және «Каспий» командаларын жаттықтырды. 2025 жылғы маусымда «Каспийдің» бас бапкері ретінде Бірінші лиганың чемпионы атанды.
«Ұлытау» екі ойыншымен келісімшарт мерзімін ұзартты
17 жастағы қазақстандық Ла Лига клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или