Остин «Джентльмен» Вандерфорд UFC-де жекпе-жек өткізеді

Остин «Джентльмен» Вандерфорд UFC-де жекпе-жек өткізеді

Орта салмақта Ultimate Fighting Championship (UFC) ұйымында өнер көрсететін 35 жастағы америкалық файтер Остин «Джентльмен» Вандерфорд промоушендегі дебютін өткізетін Жан-Поль Лебосноянимен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Дана Уайттың промоушені ішіндегі инсайдерлердің мәліметінше, Вандерфорд пен Лебоснояни арасындағы кездесу 2026 жылы 21 ақпанда АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы «Тойота-центр» стадионында өтетін UFC Fight Night 266 турнирі аясында ұйымдастырылады.

Вандерфорд UFC-дің бұрынғы жұлдызы Пейдж Ванзанттың жұбайы болып табылады. Bellator ұйымындағы мансабынан кейін Остин UFC-де екі жекпе-жек өткізді. Дебютінде ол қазақстандық Николай Веретенниковты техникалық нокаутпен жеңсе, одан кейін Рамиз Брахимайдан жеңіліп қалған еді.

Жалғас Жұмағұлов Чехияда чемпиондық атаққа таласады

Танымал қазақ файтер-актер өзбек спортшысымен төбелеседі

Шавкат Рахмоновтың бапкері UFC шешіміне қатысты пікірін айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или