Қазақстандық боксшы әрі файтер Ташкенттегі бокс кешінде нокаутпен жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы әрі файтер Ташкенттегі бокс кешінде нокаутпен жеңіске жетті

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек Өзбекстанның Ташкент қаласындағы бокс кешінде өтті. Тоқтардың қарсыласы өзбекстандық боксшы Тимур Никулин (9-1-2, 4 КО) болды. Екінші орта салмақтағы айқас алты раундқа жоспарланғанымен, алғашқы минуттарда-ақ аяқталды.

Еркебұлан жекпе-жекті сенімді бастады да, Никулинді нокдаунға жіберді. Жекпе-жек жалғасқаннан кейін қазақстандық боксшы шабуылын үдете түсті, нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатып, бірінші раундтың 72-секундында техникалық нокаут тіркеді.

Осылайша Тоқтар кәсіпқой рингтегі екінші жеңісіне жетіп, өзінің рекордын 2-0, 1 КО көрсеткішіне дейін жақсартты. Ал Никулин үшін бұл мансабындағы екінші жеңіліс болды.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар аралас жекпе-жекте де өнер көрсетеді, онда оның рекорды 11-3. Сонымен қатар ол күнделікті өмірде актер ретінде танымал.

Махмұд Сабырхан World Boxing ұйымының үздік боксшысы атанды

Наталья Богданова — World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік боксшысы

Қазақстан боксшылары Олимпиадаға АҚШ-та дайындалады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или