Талғат Жайлауов Ресей клубтарында неге ойнамағанын түсіндірді

Талғат Жайлауов Ресей клубтарында неге ойнамағанын түсіндірді

Қазақстан құрамасының бас бапкері, «Барыс» бапкері Талғат Жайлауов 2014 жылғы ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатысуы туралы айтып, сондай-ақ неге ешқашан ресейлік клубтарда ойнамағанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Championat.com сайтына сілтеме жасап.

— Сіздің мансабыңыз ұзақ әрі табысты болды, бірақ оның барлығы қазақстандық клубтарда өтті. Ресейлік командалар шақырмады ма, әлде өзіңіз бармадыңыз ба?

— Нақты бір жағдай болған жоқ. Жас кезімде Тольяттиден ұсыныс түскен. Бірақ кейін бар күш-жігерімді «Барысқа» және Қазақстан құрамасына арнадым. Ауысуға ниет те, мүмкіндік те болмады. Бүкіл мансабымды өз елімде өткізгеніме қуаныштымын.

— 2014 жылы ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатысу мансабыңыздағы басты оқиға болды ма?

— Бұл журналистер мен жанкүйерлердің мойындауы. Иә, бұл менің мансабымның шыңы болды, — деді Жайлауов.

«Барыс» қазақстандық шабуылшыны қатарына қоспақ

«Барыс» 17 жастағы «Арлан» ойыншысына қызығушылық танытып отыр

Қазақстан чемпионаты: «Сарыарқа» ірі есеппен жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или