Талғат Жайлауов Ресей клубтарында неге ойнамағанын түсіндірді
Қазақстан құрамасының бас бапкері, «Барыс» бапкері Талғат Жайлауов 2014 жылғы ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатысуы туралы айтып, сондай-ақ неге ешқашан ресейлік клубтарда ойнамағанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Championat.com сайтына сілтеме жасап.
— Сіздің мансабыңыз ұзақ әрі табысты болды, бірақ оның барлығы қазақстандық клубтарда өтті. Ресейлік командалар шақырмады ма, әлде өзіңіз бармадыңыз ба?
— Нақты бір жағдай болған жоқ. Жас кезімде Тольяттиден ұсыныс түскен. Бірақ кейін бар күш-жігерімді «Барысқа» және Қазақстан құрамасына арнадым. Ауысуға ниет те, мүмкіндік те болмады. Бүкіл мансабымды өз елімде өткізгеніме қуаныштымын.
— 2014 жылы ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатысу мансабыңыздағы басты оқиға болды ма?
— Бұл журналистер мен жанкүйерлердің мойындауы. Иә, бұл менің мансабымның шыңы болды, — деді Жайлауов.
«Барыс» қазақстандық шабуылшыны қатарына қоспақ
«Барыс» 17 жастағы «Арлан» ойыншысына қызығушылық танытып отыр