Алмат Кебіспаев басшылық қызметке тағайындалды

Алмат Кебіспаев басшылық қызметке тағайындалды

Грек-рим күресінен әлем чемпионатының 5 мәрте жүлдегері Алмат Кебіспаев Алматы қаласындағы «Шаңырақ» Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол бұған дейін «Шаңырақ» Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің спорт жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келген болатын.

Балуан мемлекеттік қызметте болса да, Қазақстан чемпионатына тұрақты қатысып жүр. Ол биылғы ішкі біріншілікте де бақ сынап, 5-орынға тұрақтаған болатын.

UWW Әлемдік рейтингі: Қазақстандық балуандар маусымды қалай аяқтады

Күрес федерациясы екі вице-президентпен толықты

UWW рейтингінде қазақ балуандары бірінші орынға іліге алмады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или