Танымал америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлы туралы пікір білдірді
Аты аңызға айналған америкалық былғары қолғап шебері кіші Рой Джонс WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Танымал боксшы YouTube-тегі SPORT+ арнасына берген сұхбатында Жәнібектің үздік екенін айтты.
– Жәнібек – орта салмақтағы ең үздік боксшы. Ол әлемге өзінің мықтылығын көрсетуі, дәлелдеуі керек. Бұл алдағы уақыттың еншісіндегі мәселе, - деді америкалық спортшы.
Еске сала кетейік, бұған дейін WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі алдындағы допинг тестінен өтпей қалуына байланысты оның Ларамен өтетін жекпе-жегі ресми түрде тоқтатылған болатын.
Жәнібек Әлімханұлының қанынан допинг табылды
Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына байланысты тергеу жұмыстары басталды
Бокс сарапшысы Жәнібек Әлімханұлы қандай жаза алуы мүмкін екенін айтты