Арман Царукян мен Илия Топурия. UFC-дегі басты қарсыластықтың бірі болуы мүмкін
UFC Даңқ залының мүшесі, промоушеннің бұрынғы қос салмақтағы чемпионы Даниэль Кормье Арман Царукянның қазіргі дайындығын жоғары бағалап, оны бүгінгі күндегі ең мықты файтерлердің бірі деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кормьенің айтуынша, Арман Царукян соңғы уақытта тұрақты өнер көрсетіп жүр және дәл осы белсенділігі оны жеңіл салмақтың жоғарғы сатысында ұстап тұр. Ол Ислам Махачев өзге салмаққа ауысқаннан кейін Арманның физикалық та, функционалдық та жағынан айқын алға шыққанын атап өтті.
Сондай-ақ Кормье қазіргі UFC жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурия туралы да жеке тоқталды. Оның пікірінше, дәл қазір UFC жеңіл салмағында ең мықты екі файтер Арман Царукян мен Илия Топурия болып отыр.
Кормье бұл екі спортшының ықтимал жекпе-жегі тек жоғары деңгейдегі айқас қана емес, бүкіл индустрия үшін үлкен оқиғаға айналуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, промоушенде Пэдди Пимблетт пен Джастин Гэтжи сияқты танымал есімдер болғанымен, дәл Царукян мен Топурия арасындағы қарсыластықты ірі медиа жоба ретінде дамытуға толық негіз бар.
Сонымен қатар Кормье Арманның Дэн Хукер қарсы өткізген жекпе-жегін де атап өтіп, оның жан-жақты әрі өте жоғары деңгейдегі файтер екенін тағы бір мәрте дәлелдегенін айтты.