Рыбакина Қытайдағы World Tennis Continental Cup турниріне қатысады
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында алғашқы World Tennis Continental Cup атты әлемдік континенталдық теннис кубогы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирге Әлем құрамасы мен Еуропа құрамасы қатысады.
Әлем құрамасы: Елена Рыбакина (Қазақстан, WTA рейтингі 5) Андрей Рублёв (Ресей, ATP рейтингі 16) Ван Синьюй (Қытай, WTA рейтингі 57) Чжан Чжичжэнь (Қытай, ATP рейтингі 415)
Еуропа құрамасы: Ига Швентек (Польша, WTA рейтингі 2) Белинда Бенчич (Швейцария, WTA рейтингі 11) Флавио Коболли (Италия, ATP рейтингі 22) Валантен Вашеро (Монако, ATP рейтингі 31)
Матчтардың кестесі
26 желтоқсан Бенчич Ванға қарсы Швентек Рыбакинаға қарсы
27 желтоқсан Коболли Чжанға қарсы Швентек Синьюйге қарсы Вашеро Рублёвке қарсы Коболли мен Бенчич Чжан мен Ванға қарсы
28 желтоқсан Вашеро Чжанға қарсы Бенчич Рыбакинаға қарсы Коболли Рублёвке қарсы Вашеро мен Швентек Рублёв пен Рыбакинаға қарсы
World Tennis Continental Cup турнирі 26 мен 28 желтоқсан аралығында өтеді.