Қазақстандық ауыр атлеттер Қырғызстандағы турнирде төрт алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлеттер Қырғызстандағы турнирде төрт алтын медаль жеңіп алды


Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен халықаралық турнирде бес медаль жеңіп алды.

Ұлттық құраманың қоржынында төрт алтын және бір күміс жүлде бар.

Ақмолда Сайрамкез (65 келіге дейін), Аянат Жұмағали (77 келіге дейін), Сания Орманбаева (86 келіге дейін), Ақерке Байманап (86 келіден жоғары) жарыста алтын жүлдеге қол жеткізді.

Ал Марта Давлетиярова (77 келіге дейін) жарысты екінші орынмен аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или