«Барыс» жас талантқа көз тікті

«Барыс» жас талантқа көз тікті

Астананың «Барыс» командасы жас қазақстандық шабуылшы Никита Мерзликинмен келісімшартқа отыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» жүйесі жақын арада Өскемендегі «Торпедо» командасының 20 жастағы шабуылшысы Никита Мерзликинмен келісімшартқа отырады.

Ойыншы осы маусымның көп бөлігін жастар құрамасында өткізді. «Жастар» лигасында 20 ойында 20 ұпай (9 гол, 11 пас) жинады.

Бұрын «Барыс» командасының 17 жастағы «Арлан» шабуылшысы Богдан Залевсиммен келісімшартқа отыруы мүмкін екені хабарланған болатын.

Елордалық клуб келесі КХЛ ойынын ертең, 27 желтоқсанда өткізеді. Астанада Михаил Кравецтің командасы «Амур» Хабаровскімен кездеседі.


Бес шайбы соғылған «Барыстың» КХЛ-дағы матчына бейнешолу

Қазақстан чемпионаты: «Сарыарқа» ірі есеппен жеңіске жетті

«Сарыарқа» — «Бейбарыс» матчы қалай өтті. Видео

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или